Ақбар Абдуллаев UFC-дегі дебютінен кейін Макс Холлоуэймен жұдырықтасқысы келетінін айтты
Қырғызстандық Ақбар Абдуллаев Dana White’s Contender Series-тағы жеңісінен кейін UFC-мен келісімшартқа қол жеткізіп, келесі қарсылас ретінде Макс Холлоуэйді атады. Ол жеңісті нокаутпен емес, кез келген жолмен алуға дайын екенін жеткізді.
Қырғызстандық жекпе-жек шебері Ақбар Абдуллаев Dana White’s Contender Series шоуындағы жеңісінен кейін UFC ұйымымен келісімшартқа қол жеткізді. Лас-Вегаста өткен жекпе-жекте ол бразилиялық Эдмилсон де Хосе Барросты небәрі 19 секундта нокаутқа түсірді.
Кездесуден кейін Дана Уайт Абдуллаевты DWCS тарихындағы ең үздік спортшы деп атады. Ал өзі жеңіске жету — көптен бергі басты мақсаты болғанын айтты.
«Бұл менің мақсатым еді, мен оған кез келген жолмен жеттім. Шынымды айтсам, мен нокаут іздемеймін. Олар өздері келеді. Мендегі барлық күш Құдайдан берілген.
Мен әрдайым жеңіл салмақтағы үздік 10 спортшының кез келгенімен жұдырықтаса алатынымды білетінмін. Менің шеберлігім сол деңгейде өнер көрсетуге мүмкіндік береді. Танымал қарсыластармен, Макс Холлоуэй секілді аңыздармен айқасқым келеді. Маған танымалдық керек. Сол үшін оны жеңуім қажет», — деді Абдуллаев баспасөз мәслихатында.
Абдуллаев соңғы рет 2025 жылдың қыркүйегінде ONE on Prime Video 35 турнирінде октагонға шығып, Ибрагим Дауевті үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді. Қазір оның еншісінде 14 жеңіс және бірде-бір жеңіліс жоқ.