Үлкен теннис

Словакия президенті Елена Рыбакинаны қабылдап, US Open жеңісімен құттықтады

Словакия президенті Петер Пеллегрини Президент сарайында Қазақстан намысын қорғайтын Елена Рыбакинаны қабылдады. Ол теннисшіні US Open турниріндегі жеңісімен құттықтады.

Словакия президенті Петер Пеллегрини Президент сарайында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаны қабылдап, оны АҚШ ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтады.

Финалда Рыбакина Беларусь өкілі Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен ұтқан еді.

Пеллегрини өз жазбасында Рыбакинаның әйелдер теннисіндегі әлемнің қазіргі көшбасшысы екенін және ол соңғы алты жыл бойы Словакияны өз үйі санайтынын атап өтті.

Президенттің айтуынша, Рыбакина Қазақстанды халықаралық аренада танытқанымен, Словакия оның спорттық жолындағы маңызды елдердің біріне айналған. Теннисші жыл сайын осы елде уақыт өткізіп, ірі турнирлерге осында дайындалады.

Елена Рыбакина 2018 жылдан бері Қазақстан атынан өнер көрсетіп келеді. Нью-Йорктегі табысы оның мансабындағы алғашқы US Open титулы болып, WTA рейтингінде де бірінші орынға көтерілуіне мүмкіндік берді.

Бұл жеңіс Рыбакина үшін «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі үшінші, ал осы маусымдағы екінші атақ саналады. Бұған дейін ол Australian Open турнирінде де топ жарған.