Баскетбол

«Астана» бас бапкер қызметіне Антон Пономарёвты тағайындады

Қостанайлық маман Антон Пономарёв 2026/2027 маусымында «Астананы» басқарады. Ол бұған дейін клубта бапкерлік штабта жұмыс істеп, маусым ортасында негізгі құрамға да жетекшілік еткен.

Қазақстандық маман Антон Пономарёв «Астана» баскетбол клубының бас бапкері болып тағайындалды. Ол 2026/2027 маусымында елордалық команданы басқарады.

Пономарёв қазақ баскетболындағы танымал тұлғалардың бірі саналады. Оның бапкерлік те, ойыншылық та тәжірибесі бар.

Өткен маусымда ол «Астана» бапкерлік штабының құрамында бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарды, ал Ұлттық лига финалы кезінде команданы уақытша өзі басқарды. Одан бір жыл бұрын «Астана-Жастарды» жаттықтырған.

Клубтардағы жұмысымен қатар, Пономарёв Қазақстанның ұлттық және жастар құрамаларында да бас бапкердің ассистенті болды.

Оның ойыншы ретіндегі жолы 2002 жылы «Астана жолбарыстарынан» басталды. 2010 жылы сербиялық FMP Белград және ресейлік «Спартак-Приморье» сапында өнер көрсетті. 2011 жылы Қазақстанға оралып, Еуролига ВТБ-да ойнаған БК «Астананың» алғашқы ойыншыларының бірі атанды.

Антон Пономарёв 2021 жылға дейін «Астанада» ойнады. 2013 және 2016 жылдары ол Еуролига ВТБ-ның ең үздік қазақстандық ойыншысы деп танылған.

«Енді Антон Пономарёв “Астанадағы” тарихын бас бапкер ретінде жалғастырады»