Футбол

Астана 2028 жылы УЕФА Суперкубогы өтетін қала атанды

2028 жылғы УЕФА Суперкубогы матчы алғаш рет Қазақстанда, Астанада өтеді. Ойын «Астана Аренада» ұйымдастырылады.

2028 жылғы УЕФА Суперкубогы матчы Астанада өтеді. Бұл шешім УЕФА Атқару комитетінің Салоникидегі отырысында қабылданды.

Аталмыш ойын «Астана Аренада» өтеді. Матчқа 2027/28 маусымындағы Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеңімпаздары қатысады.

Осылайша, Қазақстан алғаш рет еуропалық клубтық турнирдің трофейі сарапқа салынатын ресми матчты қабылдайды. Ал 2027 жылғы УЕФА Суперкубогы Амстердамдағы «Йохан Кройф Аренада» өтеді.

«Астана Арена» 2009 жылы пайдалануға берілген. Стадион 30,2 мың көрерменге арналған және «Астана» клубы мен Қазақстан құрамасының үй алаңы саналады.