Бокс

Әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов кәсіби мансабын аяқтады

Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны, әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов кәсіби боксқа нүкте қойды. Ол қайта оралуға талпыныс жасағанымен, мансабын жалғастырмағанын айтты.

Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны, әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов кәсіби мансабын аяқтағанын мәлімдеді.

Шымбергеновтің айтуынша, ол боксқа қайта оралу туралы ойлаған және жаттығуды да қайта бастаған. Алайда бұл әрекеті нәтиже бермеген соң, кәсіби спорттан кету туралы шешім қабылдаған.

«Была мысль вернуться в бокс. Я даже попробовал снова начать тренироваться. Но не получилось. Поэтому я решил завершить профессиональную карьеру. Сейчас работаю заместителем руководителя профессионального боксерского клуба в Жамбылской области», — деді ол.

Асланбек Шымбергенов — Қазақстанның екі дүркін чемпионы, Азия чемпионы (2022), әлем чемпионы (2023) және әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионы (2019). Сондай-ақ оның еншісінде Азия ойындарының күміс медалі (2018) мен қола медалі (2023) бар.

Ол 2024 жылғы Париж Олимпиадасына да қатысты.