Қазақстанның Азиада-2026-ға арналған толық құрамы жарияланды
Жапонияның Аичи мен Нагоя қалаларында өтетін XX жазғы Азия ойындарына Қазақстан құрамасының толық тізімі бекітілді. Жарысқа елімізден 558 спортшы қатысады.
Жапонияның Аичи мен Нагоя қалаларында өтетін XX жазғы Азия ойындарына Қазақстан құрамасының толық құрамы анықталды.
Құрамға барлығы 558 спортшы енді. Қазақстан бұл додада жеке сайыстарда да, командалық жарыстарда да бақ сынайды.
Тізімге академиялық ескек есу, әртістік жүзу, бадминтон, баскетбол, 3×3 баскетбол, батут гимнастикасы, бокс, брейкинг, жол және трек велоспорты спортшылары кірді.
Академиялық ескек есуден Александр Афанасьев, Алексей Красновский, Артем Матусевич, Бапан Асханбек, Бауыржан Сұлтанов және өзге спортшылар бар. Әртістік жүзуде Виктор Друзин, Айгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова секілді спортшылар сынға түседі.
Бокс құрамында Торехан Сабырхан, Айбек Оралбай, Махмуд Сабырхан, Нұрбек Оралбай, Оразбек Асылқұлов, Сабыржан Аққалықов, Аида Абикеева, Алуа Балқыбекова, Виктория Графеева, Назым Қызайбай және Наталья Богданова бар. Сондай-ақ велоспорттан Алексей Луценко, Евгений Федоров, Николя Винокуров, Виолетта Казакова, Елизавета Склярова және Рината Сұлтанова Азиадаға қатысады.
Брейкингте Әмір Закиров, Диас Аубакиров, Айзара Жұмабекова, Саера Алибекова ел намысын қорғайды. Тректегі велоспортта Алишер Жұмақан, Андрей Чугай, Данияр Шаяхметов, Дмитрий Носков, Дмитрий Резанов, Илья Карабутов, Кирилл Курдиди, Максим Хорошавин, Рамис Дінмұхаметов және Рината Сұлтанова жарысқа шығады.