Нью-Йорк Елена Рыбакинаны US Open жеңісінен кейін қол соғып қарсы алды
Елена Рыбакина US Open-2026 финалындағы тарихи жеңісінен соң Нью-Йоркте жанкүйерлердің жылы ықыласына бөленді. Қазақстандық теннисші трофейді көпшілікке көрсетіп, жаңа әлемдік көшбасшы ретінде таныстырылды.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open-2026 турниріндегі жеңісінен кейін Нью-Йоркте жанкүйерлердің ыстық ықыласына ие болды. Көпшілік оны ду қол шапалақпен қарсы алды.
Тарихи жетістікке жеткен Рыбакина жеңіс кубогын жоғары көтеріп, оны көрермендерге көрсетті. Осы сәттегі салтанатты көрініс Нью-Йоркте ерекше эмоциямен өтті.
Рыбакина US Open финалында Беларусь өкілі Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңіп, алғаш рет бұл турнирдің чемпионы атанды.
Бұл — оның «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі үшінші титулы. Бұған дейін Елена Рыбакина Уимблдон-2022 мен Australian Open-2026 жарыстарында топ жарған.