Үлкен теннис

Рабинер: Рыбакина Қазақстан үшін үлкен жеңіс сыйлады

Ресейлік журналист Игорь Рабинер Елена Рыбакинаның US Open-2026 турниріндегі жеңісін жоғары бағалады. Ол финалда қазақстандық теннисшінің шешуші сәтте мықтылығын көрсеткенін атап өтті.

Ресейлік журналист Игорь Рабинер Елена Рыбакинаның US Open-2026 турниріндегі жеңісіне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, қазақстандық теннисші финалды эйспен аяқтап, нағыз чемпионға тән мінез көрсетті.

Рабинердің жазуынша, финалда Арина Соболенко қарсыласын құттықтағаннан кейін эмоциясын тежей алмай, ракеткасын сындырып, жылап жіберген. Ал Рыбакина шешуші сәтте салқынқандылық танытып, үшінші сетте басымдықты өз қолына алған.

Журналисттің сөзінше, матчтың алғашқы және үшінші сеттерінде Елена сенімді ойнаған. Ол өз есебінде 12 брейк-пойнттың үшеуін тиімді пайдаланып, ал Соболенко үш мүмкіндіктің біреуін ғана жүзеге асырған.

Рабинер сондай-ақ Рыбакинаның бұрын Қазақстанда онша қажет болмағанын, ал қазір ел сенім артқан теннисшінің ірі табысқа жеткенін жазды. Оның айтуынша, кубокты Еленаға осы турнирдің бұрынғы чемпионы Мария Шарапова табыстаған.

Айта кетейік, US Open-2026 дейін Елена Рыбакина бұл турнирде 1/8 финалдан әрі аса алмаған еді.