«Семей» футзал чемпионатының алғашқы турында «Окжетпесті» 9:1 есебімен ұтты
Қазақстан чемпионатының бірінші турында «Семей» кокшетаулық «Окжетпесті» ірі есеппен жеңді. Кездесу 9:1 есебімен аяқталды.
Қазақстан футзал чемпионатының алғашқы турында «Семей» кокшетаулық «Окжетпесті» 9:1 есебімен ойсырата ұтты.
Бұл ойында Биржан Оразов хет-трик жасаса, Ринат Түрегазин мен Педриньо дубль авторы атанды. Сондай-ақ Дедезиньо мен Ақжол Дәрібай бір-бір голдан соқты.
«Окжетпес» сапынан жалғыз голды Дмитрий Двирный 33-минутта енгізді.
Қос команданың келесі кездесуі Қазақстан чемпионатының екінші туры аясында 13 қыркүйекте өтеді.