Күрес

Краковтағы грэпплинг ЧМ-де қазақстандықтар мен америкалықтар төбелеске ұласты

Краковта өтіп жатқан ADCC-2026 әлем чемпионатында Бекзат Қапашов пен америкалық Дориан Оливарез арасындағы белдесуден кейін жанжал шығып, ол жаппай төбелеске айналды. Оқиғаға америкалық грэпплер Гордон Райан да араласты.

Польшадағы Краков қаласында өтіп жатқан ADCC-2026 грэпплингтен әлем чемпионатында қазақстандықтар мен америкалықтар арасында жанжал шығып, ол жаппай төбелеске ұласты.

Оқиға 66 келіге дейінгі салмақтағы Бекзат Қапашов пен америкалық Дориан Оливарез арасындағы белдесуден кейін болды. Бұл кездесуде жеңіс АҚШ спортшысының еншісіне тиді.

Белдесу аяқталған соң екі тараптың спортшылары арасында кикілжің туып, артынша ол екі команда өкілдері араласқан төбелеске айналды.

Оливарездің бұрышында болған танымал америкалық грэпплер, әлемнің бес дүркін чемпионы Гордон Райан да араша түспек болған. Алайда қақтығыс кезінде ол да соққы алып, жерге құлаған.

Тәртіпсіздікті арена қауіпсіздік қызметі араласқаннан кейін ғана тоқтатуға мүмкіндік туды. ADCC-2026 әлем чемпионаты 12–13 қыркүйек күндері өтіп жатыр, ал Қазақстан бұл додада тек бір спортшымен — Бекзат Қапашовпен ғана өкілдік етіп отыр.