Қазақстан Азиада-2026 ойындарына қатысатын толық құрамын жариялады
Қазақстан Олимпиада комитеті Жапонияда өтетін XX жазғы Азиадаға баратын ұлттық құраманың толық тізімін ұсынды. Жарыс 2026 жылғы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Айти-Нагояда өтеді.
Қазақстан Олимпиада комитеті 2026 жылы Жапонияда өтетін XX жазғы Азиат ойындарына қатысатын ұлттық құраманың толық тізімін жариялады.
Жаңа мәліметке сәйкес, Қазақстан спортшылары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Айти-Нагояда өтетін құрлық додасында ел намысын қорғайды. Құраманың алдағы уақытта өзгеруі мүмкін екені де ескертілді.
Азиада бағдарламасындағы кейбір жарыстар ресми ашылу салтанатына дейін басталады. Атап айтқанда, баскетбол, волейбол және футболдағы іріктеу кезеңдері ертерек өтеді.
Негізгі жарыстар мен медаль сарапқа салынатын сайыстар ашылудан кейін бірден жалғасады. Жүзу жарыстары 20 қыркүйекте, ал жеңіл атлетика 23 қыркүйекте басталады.
Айти-Нагоя Азиадасына Азияның 45 елінен шамамен 15 мың спортшы қатысып, 43 спорт түрі бойынша 469 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Биылғы бағдарламада алғаш рет аралас жекпе-жек, серфинг, текбол және падел де бар.