Үлкен теннис

Елена Рыбакина — Арина Соболенко: US Open-2026 финалы қашан өтеді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open-2026 финалында әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкомен кездеседі. Матч 13 қыркүйекте Астана уақытымен 01:00-де басталады.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің финалында беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездеседі. Рыбакина жарыста әлемдік рейтингте 2-орында тұрса, Соболенко — 1-орында.

Екі теннисшінің шешуші ойыны 13 қыркүйек күні сағат 01:00-де Астана уақытымен басталады. Финалдың тікелей көрсетілімін осы уақытта тамашалауға болады.

Елена Рыбакина финалға дейін Теа Фродинді, Жессика Бусас Манейроны, Юлия Стародубцеваны, Наоми Осаканы, Чжэн Циньвэньді және Кори Гауффты жеңді. Оның ішінде Гауфф әлемнің 4-ракеткасы болатын.

Арина Соболенко болса Камила Осорио, Полина Яценко, Камилла Рахимова, Тейлор Таунсенд, Линда Носкова және Жессика Пегуланы ұтты. Соболенко турнирде бірінші нөмірлі, ал Рыбакина екінші нөмірлі жарыс жолбасшысы ретінде тіркелген.